Контактные телефоны:
8 708 619 64 59Балалардың құқықтарын қорғауда мектептер мен жоғары оқу орындары бірікті: Елордада «Менің бауырым» студенттік волонтерлік жобасы басталды
Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі «Менің бауырым» еріктілер жобасын іске асыру туралы екіжақты келісімге қол қойды. Бірлескен құжат балалардың құқықтарын қорғауға және балаларға қатысты жобаларды тиімді басқаруға, мектеп оқушыларының қолайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеті болып қала беретінін атап өтті. Бұл бағытта ведомство бірқатар шаралар қабылдауда. Оның ішінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағыты да бар.
«Халқымыздың «Асар» деген игі дәстүрі бар. Яғни, бірлесіп, ерікті түрде жұмыла көмектесуді білдіреді. Волонтерлік - осы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың тікелей көрінісі. Еріктілер өз елінің нағыз патриоты мен азаматы ретінде балаларды жақсылыққа, әділдікке, жасампаздыққа жетелеп, шығармашылық шабыт береді деп сенеміз. «Менің бауырым» еріктілер қозғалысы балаларымыздың құқықтарын қорғау бағытындағы ынтымақтастығымызды нығайта түсері сөзсіз», — деді Ғани Бейсембаев.
Айта кетейік, «Менің бауырым» жобасының еріктілері қатарына педагогика, құқықтану, психология, әлеуметтік педагогика және ақпараттық технологиялар мамандықтары бойынша 3-5 курстарда оқитын ЖОО студенттері тартылмақ. Елорданың 171 мектебінің оқушыларына қолдау көрсететін 12 жоғары оқу орнының 1300 студентінен тұратын команда құру жоспарлануда.
✅«Менің бауырым» жобасының еріктілері алдымен арнайы тренингтерден өтіп, мектептерде балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу жөнінде нұсқаулықтар беріледі. Олардың әрі қарайғы жұмысы патриоттық және экологиялық тәрбие беру, жауапкершілікті арттыру, мектепішілік қарым-қатынастарды нығайту, эмоционалдық интеллектіні, құқықтық, оқырмандық, қаржылық және IT сауаттылықты дамыту жөніндегі маңызды бағыттарды қамтитын болады. Волонтерлік топтарды жоғары оқу орындары құрады.
Абай облысы ББ «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Балалардың құқықтарын қорғауда мектептер мен жоғары оқу орындары бірікті: Елордада «Менің бауырым» студенттік волонтерлік жобасы басталды
Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі «Менің бауырым» еріктілер жобасын іске асыру туралы екіжақты келісімге қол қойды. Бірлескен құжат балалардың құқықтарын қорғауға және балаларға қатысты жобаларды тиімді басқаруға, мектеп оқушыларының қолайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеті болып қала беретінін атап өтті. Бұл бағытта ведомство бірқатар шаралар қабылдауда. Оның ішінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағыты да бар.
«Халқымыздың «Асар» деген игі дәстүрі бар. Яғни, бірлесіп, ерікті түрде жұмыла көмектесуді білдіреді. Волонтерлік - осы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың тікелей көрінісі. Еріктілер өз елінің нағыз патриоты мен азаматы ретінде балаларды жақсылыққа, әділдікке, жасампаздыққа жетелеп, шығармашылық шабыт береді деп сенеміз. «Менің бауырым» еріктілер қозғалысы балаларымыздың құқықтарын қорғау бағытындағы ынтымақтастығымызды нығайта түсері сөзсіз», — деді Ғани Бейсембаев.
Айта кетейік, «Менің бауырым» жобасының еріктілері қатарына педагогика, құқықтану, психология, әлеуметтік педагогика және ақпараттық технологиялар мамандықтары бойынша 3-5 курстарда оқитын ЖОО студенттері тартылмақ. Елорданың 171 мектебінің оқушыларына қолдау көрсететін 12 жоғары оқу орнының 1300 студентінен тұратын команда құру жоспарлануда.
✅«Менің бауырым» жобасының еріктілері алдымен арнайы тренингтерден өтіп, мектептерде балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу жөнінде нұсқаулықтар беріледі. Олардың әрі қарайғы жұмысы патриоттық және экологиялық тәрбие беру, жауапкершілікті арттыру, мектепішілік қарым-қатынастарды нығайту, эмоционалдық интеллектіні, құқықтық, оқырмандық, қаржылық және IT сауаттылықты дамыту жөніндегі маңызды бағыттарды қамтитын болады. Волонтерлік топтарды жоғары оқу орындары құрады.
Экономика саласында мемлекет пен аймақтың өндірістік әлеуетін көтере алатын, бәсекеге қаблетті, жоғары дәрежелі теориялық және практикалық дағды мен жеке тұлғалық қасиетті игерген мамандарды дайындау.
Бизнес және сервис жоғары колледжі - Абай облысы және Қазақстан республикасының сервис, экономика және басқару саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің үздігі, корпоративті менеджменттің тиімді жүйесін меңгерген оқытушылар мен білімгерлердің, жұмыс берушілердің тағы басқа қызығушылық танытқан жақтардың мүддесіне сай қызмет ететін инновациялық білім беру мекемесі.
Абай облысы ББ «Бизнес және
сервис жоғары колледжі» КМҚК