Контактные телефоны:
8 708 619 64 59Абай облысында кәсіби шеберліктің «WORLDSKILLS ABAI – 2026» өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетті! Бірнеше күнге созылған тартысты дода, ұйқысыз түндер, мықты төзім мен жоғары кәсіби шеберліктің нәтижесінде жеңімпаздар анықталды!
Біз колледж құрамасының тамаша жетістіктерін зор мақтанышпен бөлісеміз. Өз ісінің нағыз маманы екенін дәлелдеген жеңімпаздарымыз:
І орын:
• Аспаз ісі – Тулубаева Зарина
(сарапшы: Компекова Жанар Жұмақановна);
• Кондитерлік іс – Сабыр Аружан
(сарапшы: Ходько Светлана Васильевна);
• Сән технологиясы – Колонич Анастасия
(сарапшы: Жанузакова Назгүл).
ІІ орын:
• Кондитерлік іс – Тлеубекова Аяла
(сарапшы: Макажанова Айсұлу Хамитовна);
• Наубайшылық шеберлігі – Васильева Анель
(сарапшы: Турлыбекова Зарина);
• Шаштараз өнері – Хайбуллина Ислана
(сарапшы: Алиева Анес Нуржанқызы).
ІІІ орын:
• Графикалық дизайн – Серікқазы Олжас
(сарапшы: Сулейменова Қымбат Сұлтанбекқызы).
Баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!
Қымбатты студенттер! Сіздер – біздің мақтанышымыз, шабыт көзіміз және болашағымызсыздар. Еңбектеріңіз, таланттарыңыз бен үздік болуға деген ұмтылыстарыңыз осы лайықты жеңістерге жеткізді. Сіздер аспаздық өнерде, сән мен сұлулық саласында, дизайн бағытында нағыз кәсіби шебер екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Жеткен жетістіктермен тоқтамай, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!
Құрметті сарапшылар мен тәлімгерлер! Бұл жеңістер – сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіздің, төзімдеріңіз бен шәкірттеріңізге деген сенімдеріңіздің жемісі. Өз тәжірибелеріңізбен бөлісіп, студенттерді табысқа жетелегендеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздер – үздік тәлімгерлерсіздер!
Абай облысы ББ «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Абай облысында кәсіби шеберліктің «WORLDSKILLS ABAI – 2026» өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетті! Бірнеше күнге созылған тартысты дода, ұйқысыз түндер, мықты төзім мен жоғары кәсіби шеберліктің нәтижесінде жеңімпаздар анықталды!
Біз колледж құрамасының тамаша жетістіктерін зор мақтанышпен бөлісеміз. Өз ісінің нағыз маманы екенін дәлелдеген жеңімпаздарымыз:
І орын:
• Аспаз ісі – Тулубаева Зарина
(сарапшы: Компекова Жанар Жұмақановна);
• Кондитерлік іс – Сабыр Аружан
(сарапшы: Ходько Светлана Васильевна);
• Сән технологиясы – Колонич Анастасия
(сарапшы: Жанузакова Назгүл).
ІІ орын:
• Кондитерлік іс – Тлеубекова Аяла
(сарапшы: Макажанова Айсұлу Хамитовна);
• Наубайшылық шеберлігі – Васильева Анель
(сарапшы: Турлыбекова Зарина);
• Шаштараз өнері – Хайбуллина Ислана
(сарапшы: Алиева Анес Нуржанқызы).
ІІІ орын:
• Графикалық дизайн – Серікқазы Олжас
(сарапшы: Сулейменова Қымбат Сұлтанбекқызы).
Баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!
Қымбатты студенттер! Сіздер – біздің мақтанышымыз, шабыт көзіміз және болашағымызсыздар. Еңбектеріңіз, таланттарыңыз бен үздік болуға деген ұмтылыстарыңыз осы лайықты жеңістерге жеткізді. Сіздер аспаздық өнерде, сән мен сұлулық саласында, дизайн бағытында нағыз кәсіби шебер екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Жеткен жетістіктермен тоқтамай, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!
Құрметті сарапшылар мен тәлімгерлер! Бұл жеңістер – сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіздің, төзімдеріңіз бен шәкірттеріңізге деген сенімдеріңіздің жемісі. Өз тәжірибелеріңізбен бөлісіп, студенттерді табысқа жетелегендеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздер – үздік тәлімгерлерсіздер!
МиссияЭкономика саласында мемлекет пен аймақтың өндірістік әлеуетін көтере алатын, бәсекеге қаблетті, жоғары дәрежелі теориялық және практикалық дағды мен жеке тұлғалық қасиетті игерген мамандарды дайындау.
БолжауБизнес және сервис жоғары колледжі - Абай облысы және Қазақстан республикасының сервис, экономика және басқару саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің үздігі, корпоративті менеджменттің тиімді жүйесін меңгерген оқытушылар мен білімгерлердің, жұмыс берушілердің тағы басқа қызығушылық танытқан жақтардың мүддесіне сай қызмет ететін инновациялық білім беру мекемесі.
Абай облысы ББ «Бизнес және
сервис жоғары колледжі» КМҚК