Абай облысы ББ «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК

Тізім
Виртуальная приемная комиссия для абитуриентов КГКП «Высший колледж бизнеса и сервиса»:

Instagram колледжа

WhatsApp колледжа

Сайт колледжа

Контактные телефоны:

8 708 619 64 59
50-58-98

Абай облысы деңгейіндегі жоғары марапат – колледжіміздің мақтанышы!

Абай облысы деңгейіндегі жоғары марапат — колледжіміздің мақтанышы!
2026 жылғы 10 маусымда Абай облысы Білім басқармасының «Сапалы білім – өңір дамуының кепілі: қорытынды, тәжірибе және болашақ міндеттер» тақырыбындағы кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Ауқымды шараның бағдарламасы салтанатты марапаттау рәсімімен қорытындыланып, бұл күні колледжіміз үшін үлкен жетістікке толы болды.
«Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК-ның екі білікті педагогі облыстық деңгейде жоғары марапаттарға ие болды.
Еліміздің білімді де бәсекеге қабілетті ұрпағын тәрбиелеу мен оқыту ісіне қосқан зор үлесі үшін Абай облысы Білім басқармасының басшысы Б. Ердембеков арнайы марапаттарды табыстады.
Марапат иелері:
Жұмабекова Самал Борібайқызы – оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары.
Абай облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды;
«Үздік маман» номинациясы бойынша 200 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Ақанова Перизат Рымғазықызы – колледждің аға шебері.

«Үздік колледж қызметкері» номинациясы бойынша 200 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Құрметті әріптестерімізді осы жоғары әрі лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңізге, кәсіби шеберліктеріңізге және таңдаған мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңызға берілген әділ баға. Сіздер колледжіміздің сенімді тірегі, жас мамандарға үлгі және ұжымымыздың мақтанышысыздар.
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, отбасылық амандық және білім беру саласындағы жаңа жетістіктер тілейміз. Еңбекке деген құштарлықтарыңыз бен шығармашылық жігерлеріңіз студенттер мен әріптестерге әрдайым күш-қуат беріп, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруға жетелей берсін!
Сіздермен мақтанамыз! Құттықтаймыз!

WhatsApp Image 2026-06-10 at 12.19.20
95
0016
02
87
55
77

Абай облысы ББ «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК

Әрленім және құрастыру
SemStar

Қазақстан, Абай облысы, Семей қ,
к. Ж. Аймауытов, 143 «а»
e-mail: biznes_sbk@mail.ru
Приемная: 8 (7222) 50-58-98
Тел.: 8 (7222) 50-70-73, 50-71-18
Факс: 8 (7222) 50-58-98, 50-70-78

Абай облысы деңгейіндегі жоғары марапат – колледжіміздің мақтанышы!

Абай облысы деңгейіндегі жоғары марапат — колледжіміздің мақтанышы!
2026 жылғы 10 маусымда Абай облысы Білім басқармасының «Сапалы білім – өңір дамуының кепілі: қорытынды, тәжірибе және болашақ міндеттер» тақырыбындағы кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Ауқымды шараның бағдарламасы салтанатты марапаттау рәсімімен қорытындыланып, бұл күні колледжіміз үшін үлкен жетістікке толы болды.
«Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК-ның екі білікті педагогі облыстық деңгейде жоғары марапаттарға ие болды.
Еліміздің білімді де бәсекеге қабілетті ұрпағын тәрбиелеу мен оқыту ісіне қосқан зор үлесі үшін Абай облысы Білім басқармасының басшысы Б. Ердембеков арнайы марапаттарды табыстады.
Марапат иелері:
Жұмабекова Самал Борібайқызы – оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары.
Абай облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды;
«Үздік маман» номинациясы бойынша 200 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Ақанова Перизат Рымғазықызы – колледждің аға шебері.
Абай облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды;
«Үздік колледж қызметкері» номинациясы бойынша 200 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Құрметті әріптестерімізді осы жоғары әрі лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңізге, кәсіби шеберліктеріңізге және таңдаған мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңызға берілген әділ баға. Сіздер колледжіміздің сенімді тірегі, жас мамандарға үлгі және ұжымымыздың мақтанышысыздар.
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, отбасылық амандық және білім беру саласындағы жаңа жетістіктер тілейміз. Еңбекке деген құштарлықтарыңыз бен шығармашылық жігерлеріңіз студенттер мен әріптестерге әрдайым күш-қуат беріп, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруға жетелей берсін!
Сіздермен мақтанамыз! Құттықтаймыз!

WhatsApp Image 2026-06-10 at 12.19.20
95
0016
02
87
55
77
Миссия

Экономика саласында мемлекет пен аймақтың өндірістік әлеуетін көтере алатын, бәсекеге қаблетті, жоғары дәрежелі теориялық және практикалық дағды мен жеке тұлғалық қасиетті игерген мамандарды дайындау.

Болжау

Бизнес және сервис жоғары колледжі - Абай облысы және Қазақстан республикасының сервис, экономика және басқару саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің үздігі, корпоративті менеджменттің тиімді жүйесін меңгерген оқытушылар мен білімгерлердің, жұмыс берушілердің тағы басқа қызығушылық танытқан жақтардың мүддесіне сай қызмет ететін инновациялық білім беру мекемесі.

Абай облысы ББ «Бизнес және
сервис жоғары колледжі» КМҚК

Әрленім және құрастыру
SemStar

Яндекс.Метрика