Абай облысы ББ «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК

Тізім
Виртуальная приемная комиссия для абитуриентов КГКП «Высший колледж бизнеса и сервиса»:

Instagram колледжа

WhatsApp колледжа

Сайт колледжа

Контактные телефоны:

8 708 619 64 59
50-58-98

Еңбек, кәсібилік және болашақ: колледжде Еңбек күні аталып өтті

28 қыркүйекте колледжде Қазақстан Республикасының Еңбек күніне арналған іс-шара өтті. Бұл мереке түрлі мамандық иелерін біріктіріп, адал еңбекке, кәсіби шеберлікке және өз ісіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына назар аударады. Іс-шара аясында «Туризм» мамандығының 21-ТУР, 22-ТУР және 31-ТУР топ білім алушыларына ерекше көңіл бөлінді. Олар бір ай бойы оқу-тәжірибелік және қоғамдық маңызы бар бірқатар бастамаларды жүзеге асырды. Болашақ мамандар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, кәсіби дағдыларын тәжірибе барысында қалай қолдануға болатынын да таныта білді:
– 21-ТУР және 22-ТУР топтарының білім алушылары Семей қаласының туристік нысандары туралы бейнематериалдар ұсынды;
– 31-ТУР білім алушылары Семей қаласы бойынша туристік бағыттарды әзірлеп, оларды бейнеэкскурсиялар, буклеттер және ақпараттық стендтер түрінде таныстырды;
– туризмге, туған өлке мен кәсіби қызметке арналған фотожұмыстар көрермен назарына ұсынылды;
– білім алушылары болашақ экскурсовод ретінде кәсіби дағдыларын шыңдауға мүмкіндік берген қалалық туристік квестке қатысты;
– экологиялық акция ұйымдастырылды;
– Жидебай алқабына оқу-тәжірибелік сапар өткізілді;
– білім алушылар Бейбітшілік аралында өткен туристік көрмеге қатысып, оған екі қаладан және Абай облысының 10 өңірінен туризм саласының өкілдері жиналды.
Әрбір жобаның негізінде білім алушылар мен педагогтердің еңбегі жатыр: ақпарат іздеу, туристік бағыттарды әзірлеу, таныстырылымдар дайындау, туристік өнім жасау, аудиториямен жұмыс істеу және командада өзара әрекеттесу. Осындай тәжірибелік жұмыс арқылы білім алушылардың мамандыққа деген көзқарасы қалыптасып, болашақ кәсібінің маңызын терең түсінуге мүмкіндік туады. Қорытынды кездесу әкімдік өкілдерінің, «Visit Abai» туристік ақпараттық орталығының және Семей қаласының туристік бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті. Одним из значимых итогов мероприятия стало подписание двух меморандумов о сотрудничестве — между колледжем и Туристским информационным центром «Visit Abai», а также с представителями туристского бизнеса города Семей — ТОО "PALMA TUR". Іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі – колледж бен «Visit Abai» туристік ақпараттық орталығы, сондай-ақ Семей қаласының туристік бизнес өкілі – «PALMA TUR» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылуы болды. Колледж үшін бұл құжаттар жай ғана ынтымақтастық туралы келісім емес. Бұл білім алушылар үшін кәсіби мамандардан тәжірибе үйренуге, практикалық тәжірибе жинақтауға, нақты жобаларға қатысуға және болашақ мамандығының мүмкіндіктерін көруге жол ашатын жаңа мүмкіндіктер. Еңбек күні – өз еңбегімен бүгінгі күнді қалыптастырып, болашаққа жол ашатын адамдарды дәріптейтін мереке. Ал кәсібилік алғашқы қадамнан – білім алудан, тәжірибеден, жауапкершіліктен және өз ісіне деген сүйіспеншіліктен басталады.

Абай облысы ББ «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК

Әрленім және құрастыру
SemStar

Қазақстан, Абай облысы, Семей қ,
к. Ж. Аймауытов, 143 «а»
e-mail: biznes_sbk@mail.ru
Приемная: 8 (7222) 50-58-98
Тел.: 8 (7222) 50-70-73, 50-71-18
Факс: 8 (7222) 50-58-98, 50-70-78

Миссия

Экономика саласында мемлекет пен аймақтың өндірістік әлеуетін көтере алатын, бәсекеге қаблетті, жоғары дәрежелі теориялық және практикалық дағды мен жеке тұлғалық қасиетті игерген мамандарды дайындау.

Болжау

Бизнес және сервис жоғары колледжі - Абай облысы және Қазақстан республикасының сервис, экономика және басқару саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің үздігі, корпоративті менеджменттің тиімді жүйесін меңгерген оқытушылар мен білімгерлердің, жұмыс берушілердің тағы басқа қызығушылық танытқан жақтардың мүддесіне сай қызмет ететін инновациялық білім беру мекемесі.

Абай облысы ББ «Бизнес және
сервис жоғары колледжі» КМҚК

Әрленім және құрастыру
SemStar

Яндекс.Метрика