Контактные телефоны:
8 708 619 64 59БОЛАШАҚТЫҢ ТУРИЗМІ: ҚОНАҚЖАЙЛЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА ДЕЙІН
Колледжімізде «Болашақтың туризмі: қонақжайлықтан мемлекеттік басқаруға дейін» атты мансаптық воркшоп өтті. Іс-шараға Абай облысының Туризм басқармасының, «Visit Abai» туристік ақпараттық орталығы» КММ өкілдері және «Туризм» мамандығының студенттері қатысты.
Кездесу барысында студенттер туристік саланың қыр-сырымен танысып, туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары қалай әзірленетінін, туристік инфрақұрылымның қалай қалыптасатынын, көрікті жерлердің қалай насихатталатынын және өңірдің туристік тартымдылығы қалай арттырылатынын білді.
Воркшоптың практикалық бөлігінде студенттер облыстың туристік әлеуетін дамытуға бағытталған нақты міндеттерді шешіп, өз идеяларын ұсынып, жобаларын қорғады.
Мұндай кездесулер барлық тарап үшін маңызды!
Мемлекеттік органдар мен туристік сала үшін — жастардың тың идеяларын тыңдауға, болашақ мамандармен танысуға және оларды өзекті міндеттерді шешуге тартуға мүмкіндік береді.
Колледж үшін — әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және мамандар даярлау сапасын саланың нақты сұраныстарына сай жетілдіруге ықпал етеді.
Студенттер үшін — кәсіби ортамен танысуға, мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуге және туризмнің дамуына өз идеялары мен бастамалары арқылы үлес қоса алатынын түсінуге жол ашады.
Өйткені туризм саласының өркендеуі — мемлекет, бизнес және білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығына байланысты!
Абай облысының Туризм басқармасы мен «Visit Abai» туристік ақпараттық орталығы» КММ өкілдеріне мазмұнды диалог, ашық пікір алмасу және болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!
Абай облысы ББ «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
БОЛАШАҚТЫҢ ТУРИЗМІ: ҚОНАҚЖАЙЛЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА ДЕЙІН

МиссияЭкономика саласында мемлекет пен аймақтың өндірістік әлеуетін көтере алатын, бәсекеге қаблетті, жоғары дәрежелі теориялық және практикалық дағды мен жеке тұлғалық қасиетті игерген мамандарды дайындау.
БолжауБизнес және сервис жоғары колледжі - Абай облысы және Қазақстан республикасының сервис, экономика және басқару саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің үздігі, корпоративті менеджменттің тиімді жүйесін меңгерген оқытушылар мен білімгерлердің, жұмыс берушілердің тағы басқа қызығушылық танытқан жақтардың мүддесіне сай қызмет ететін инновациялық білім беру мекемесі.
Абай облысы ББ «Бизнес және
сервис жоғары колледжі» КМҚК