Контактные телефоны:
8 708 619 64 59Спорт дегеніміз – денсаулық, күш-қуат, жастық және ұзақ өмір сүру. Халық денсаулығын қорғау және нығайту біздің еліміздің дамуының басты басымдылығы, сондықтан Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасында ұлт денсаулығына ерекше назар аударылған.
Колледжіміздің әкімшілігі кәсіподақ комитетімен бірлесіп, ұжым қызметкерлеріне Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында «Демалыс күнін» ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – колледж қызметкерлерін спортпен тұрақты шұғылдануға деген қызығушылығын арттыру, ал бұл өз кезегінде ұжымда денсаулық пен моральдық ахуалды жақсартуға, достық пен ұйымшылдықты нығайтуға көмектеседі. Денсаулық күні барысында колледж қызметкерлері шаңғы теуіп, волейбол ойнап, таза ауада серуендеп, шанамен сырғанап жағымды эмоциялармен қуаттанады.
Осындай іс шаралар – ұжымды біріктірудің тиімді тәсілдерінің бірі болғандықтан, дұрыс таңдалып, жұмыла ұйымдастырылған белсенді демалыс ұжымның ұйымшылдығына оң әсерін бермек!
Демалыс күнін ұйымдастырып өткізген Колледжіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы А.А.Аблахатова мен кәсіподақ мүшелеріне алғысымыз шексіз.
Абай облысы ББ «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Спорт дегеніміз – денсаулық, күш-қуат, жастық және ұзақ өмір сүру. Халық денсаулығын қорғау және нығайту біздің еліміздің дамуының басты басымдылығы, сондықтан Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасында ұлт денсаулығына ерекше назар аударылған.
Колледжіміздің әкімшілігі кәсіподақ комитетімен бірлесіп, ұжым қызметкерлеріне Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында «Демалыс күнін» ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – колледж қызметкерлерін спортпен тұрақты шұғылдануға деген қызығушылығын арттыру, ал бұл өз кезегінде ұжымда денсаулық пен моральдық ахуалды жақсартуға, достық пен ұйымшылдықты нығайтуға көмектеседі. Денсаулық күні барысында колледж қызметкерлері шаңғы теуіп, волейбол ойнап, таза ауада серуендеп, шанамен сырғанап жағымды эмоциялармен қуаттанады.
Осындай іс шаралар – ұжымды біріктірудің тиімді тәсілдерінің бірі болғандықтан, дұрыс таңдалып, жұмыла ұйымдастырылған белсенді демалыс ұжымның ұйымшылдығына оң әсерін бермек!
Демалыс күнін ұйымдастырып өткізген Колледжіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы А.А.Аблахатова мен кәсіподақ мүшелеріне алғысымыз шексіз.
Экономика саласында мемлекет пен аймақтың өндірістік әлеуетін көтере алатын, бәсекеге қаблетті, жоғары дәрежелі теориялық және практикалық дағды мен жеке тұлғалық қасиетті игерген мамандарды дайындау.
Бизнес және сервис жоғары колледжі - Абай облысы және Қазақстан республикасының сервис, экономика және басқару саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің үздігі, корпоративті менеджменттің тиімді жүйесін меңгерген оқытушылар мен білімгерлердің, жұмыс берушілердің тағы басқа қызығушылық танытқан жақтардың мүддесіне сай қызмет ететін инновациялық білім беру мекемесі.
Абай облысы ББ «Бизнес және
сервис жоғары колледжі» КМҚК