Контактные телефоны:
8 708 619 64 59«Бизнес және сервис колледж» КМҚК-де 2021 жылы 10 наурыз күні онлайн форматында арнайы пәндер оқытушысы Тулегенова Гульнар Мұратқызы «Туризм» мамандығы «Туристік агент» біліктілігінің 3 курс студенттерімен «Туристік қызметті ұйымдастыру» пәні бойынша, «Шипажайлар мен курорттардың жіктелуінің белгілері» тақырыбында республикалық ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында АКТ әдістері, «Kahoot» және «LEARNINGAPPS.ORG» бағдарламасы және «Гүлмен тілек» әдісі, «Константинополь» ойын әдісі, «Вацап желесі арқылы» рефлексия, критериалды бағалау әдістерін қолдана отырып студенттердің өткен тақырыптары әр студент жасаған сайттарын көрсету арқылы сұралып, жаңа сабақты меңгеру мен сабақты қорытындылау жүйесі іске асырылды. Сабақты бекіту барысында ашық сабақтың арнайы қонағы Семей қаласының «Тогас-интурсервис» туристік компаниясының басқарушы директоры Рамазанов Сымбат Садырқанұлымен сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында студенттер өздерінің көкейінде туындаған сұрақтарын қойып, өз мамандығы бойынша толық ақпарат ала алды. Яғни, студенттер тек қана ұстаздан ақпарат алумен қатар, өндірістік тәжірибеден өтетін мамандардан тәжірибе алмаса алды. ZOOM платформасында өткізілген ашық сабаққа басқа оқу орындарынан 56 оқытушы қатысты. Сабақты талқылау барысында Алматы,Тараз, Шымкент, Қызылорда қаласының «Туризм және қонақ үй шаруашылығы индустриясы» мамандығы бойынша оқытушылар өз пікір тілектерін жеткізіп, колледж ұжымына алғыс тілегін білдірді. Республикалық деңгейде өткен ашық сабақ өте жоғары деңгейде өткізілді, оқытушылар осы бастаманы тәжірибеге енгізіп, тәжірибе алмасу болашақта әрі қарай жалғаса берсін деген ойдамыз.
Абай облысы ББ «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
«Бизнес және сервис колледж» КМҚК-де 2021 жылы 10 наурыз күні онлайн форматында арнайы пәндер оқытушысы Тулегенова Гульнар Мұратқызы «Туризм» мамандығы «Туристік агент» біліктілігінің 3 курс студенттерімен «Туристік қызметті ұйымдастыру» пәні бойынша, «Шипажайлар мен курорттардың жіктелуінің белгілері» тақырыбында республикалық ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында АКТ әдістері, «Kahoot» және «LEARNINGAPPS.ORG» бағдарламасы және «Гүлмен тілек» әдісі, «Константинополь» ойын әдісі, «Вацап желесі арқылы» рефлексия, критериалды бағалау әдістерін қолдана отырып студенттердің өткен тақырыптары әр студент жасаған сайттарын көрсету арқылы сұралып, жаңа сабақты меңгеру мен сабақты қорытындылау жүйесі іске асырылды. Сабақты бекіту барысында ашық сабақтың арнайы қонағы Семей қаласының «Тогас-интурсервис» туристік компаниясының басқарушы директоры Рамазанов Сымбат Садырқанұлымен сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында студенттер өздерінің көкейінде туындаған сұрақтарын қойып, өз мамандығы бойынша толық ақпарат ала алды. Яғни, студенттер тек қана ұстаздан ақпарат алумен қатар, өндірістік тәжірибеден өтетін мамандардан тәжірибе алмаса алды. ZOOM платформасында өткізілген ашық сабаққа басқа оқу орындарынан 56 оқытушы қатысты. Сабақты талқылау барысында Алматы,Тараз, Шымкент, Қызылорда қаласының «Туризм және қонақ үй шаруашылығы индустриясы» мамандығы бойынша оқытушылар өз пікір тілектерін жеткізіп, колледж ұжымына алғыс тілегін білдірді. Республикалық деңгейде өткен ашық сабақ өте жоғары деңгейде өткізілді, оқытушылар осы бастаманы тәжірибеге енгізіп, тәжірибе алмасу болашақта әрі қарай жалғаса берсін деген ойдамыз.
Экономика саласында мемлекет пен аймақтың өндірістік әлеуетін көтере алатын, бәсекеге қаблетті, жоғары дәрежелі теориялық және практикалық дағды мен жеке тұлғалық қасиетті игерген мамандарды дайындау.
Бизнес және сервис жоғары колледжі - Абай облысы және Қазақстан республикасының сервис, экономика және басқару саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің үздігі, корпоративті менеджменттің тиімді жүйесін меңгерген оқытушылар мен білімгерлердің, жұмыс берушілердің тағы басқа қызығушылық танытқан жақтардың мүддесіне сай қызмет ететін инновациялық білім беру мекемесі.
Абай облысы ББ «Бизнес және
сервис жоғары колледжі» КМҚК