Директор блогы
Жалпы ақпарат, білімі
Жунусова Жанар Аубакировна
1978 жылы 20 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген.
М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Кеден ісі» мамандығы бойынша тәмамдады.
2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Шет тілі» мамандығы бойынша аяқтап, «Шет тілдері бакалавры» біліктілігін алды.
2020 жылы аталмыш университетті «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітіріп, «Педагогика ғылымдарының магистрі» дәрежесін иеленді.
Мансап
Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының білім басқармасында бастады.
2001–2003 жылдары Семей қаласындағы Шығыс гуманитарлық колледжінің филиалында оқу бөлімінің инспекторы, кадрлар бөлімінің меңгерушісі, арнайы пәндер оқытушысы қызметтерін атқарды.
2003–2005 жылдары «Семей» колледжі» мекемесінде оқу бөлімінің меңгерушісі болды.
2006 жылы Қ. Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының күндізгі бөлімінде әдіскер болып жұмыс істеді.
2008–2013 жылдары «Семей» колледжінде оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2013–2017 жылдар аралығында осы колледжде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымында еңбек етті.
2018 жылы «Индустрия-технология колледжі» КММ-не директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
2024 жылдың қаңтарында «Индустрия-технология колледжі» КММ «Политехникалық колледж» КМҚК-не қосылып, Жанар Аубакировна бұл колледжде оқу ісі жөніндегі орынбасар қызметін «Жоғары бизнес және сервис колледжі» КМҚК директоры лауазымына тағайындалғанға дейін жалғастырды.
Жұмыс өтілі
Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл
Педагогикалық еңбек өтілі – 20 жыл
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымындағы өтілі – 12 жыл
2024 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» республикалық кадр резервіне іріктеліп, оның мүшесі атанды.
2015 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
Ақерке 13 мамыр 2022, 03:26
Сәлеметсіз бе,9 сынып аттестаты + 2 жыл басқа колледжде оқыған едім.2 жылдық бағаларым бар.11 сынып базасында қашықтықтан "есеп және аудит" мамандығы бойынша оқуға түсе аламын ба? Оқу ақысы қанша болады екен? Қашықтықтан болсын гранд бөлінбей ме?
Колледж Бизнеса и Сервиса
Барлык сурактарга 87474133969 осы номер арқылы білсеніз болады
Жанерке 24 ақпан 2022, 15:11
Сәлеметсізбе Дизайнер тігінші окуын быр косып оки аласынба? Жане кай панди оку керек?
Колледжде "Киім дизайны" мамандығы бар. 9-сыныптан кейін немесе 11-сыныптан кейін оқуға түсуге болады.Мамандықтың негізгі пәндері: сурет, сызу.
айша 25 қаңтар 2022, 08:24
салеметсизбе каржы директоры маглумат бере аласыз ба жане каржы директоры болу ушин кай пан тандау керек 11 ден кейин
Колледж бизнеса и сервиса
Сәлеметсіз бе, Айша! Қаржы директоры болу үшін математика және география пәндерін жақсы меңгеру керек. Колледжде Есеп және аудит мамандығын таңдап, оны оқып бітіріп, Жоғары оқу орнында экономика бағытында оқуын жалғастырып, тәжірибе жинап, менеджмент, маркетинг саласында білім болу керек.
Жанболат 14 шілде 2021, 22:14
Сәлеметсіз бе
Бухгалтер мамандығын алу үшін неше оқу керек жәнеде қандай құжаттар қажет
Заочнама?
КГКП "Колледж бизнеса и сервиса" в г.Семей
Сәлеметсіз бе! Бухгалтер мамандығы 9 сыныптан кейін 2жыл 10 ай, 11 сыныптан кейін 1 жыл 10 ай. Сырттай бөлім тек 11 сыныптан кейін. Толық ақпарат 87751752103 нөмірінен ала аласыз!
Аяла 26 маусым 2021, 17:05
Шаштараз,және визажист ,маманы болу үшін қандай документы жинау қажет
Неше жыл оқиды .
Қандай пән талдайды
Нақты жауап айта аласыз ба )
КГКП "Колледж бизнеса и сервиса" в г. Семей
Сәлеметсіз бе! Оқуға келесі құжаттарды тапсырасыз: аттестат, туу туралы ккәлік, ИИН, 3/4 фото 4 дана, 075 медициналық анықтама, флюраграфия қортындысы. Аталған мамандыққа грант бар. Толық ақпаратты 50-58-98 нөмірінен ала аласыз!
Акбупе 13 мамыр 2021, 22:52
Аспаздық мамандыққа түсу үшін қандай пәндерден емтихан алынады?
Колледж бизнеса и сервиса
Сәлеметсіз бе! Аспаз мамандығына емтихансыз, аттестаттағы математика қазақ тілі пәндері бойынша ұпай саналады. Одан бөлек “Еңбек” бағдарламасы бойынша да тапсыруға болады. Толық ақпаратты 87751752103 нөмірінен ала аласыз! Құжат қабылдау 20 маусымнан басталатынын хабарлаймыз!
Камила 23 ақпан 2021, 08:45
Сәлеметсіз бе Менің есімім Камила мен визажист мамандыгына түскім келеді 9дан соң ол жерде қанша жыл оқиды және барлығын істейма тырнақ, шаш, тагы басқа
Колледж бизнеса и сервиса
Сәлеметсіз бе, Камила! Сіз таңдаған мамандық “Шаштараз өнері” деп аталады. 9 сыныптан кейін модульдік оқыту негізінде екі біліктілік алуға болады:«Парикмахер-стилист» және «Суретші-модельер» (Художник-модельер). Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 ай.
Толық ақпаратты колледждің кәсіби бағдар беруші маманынан алуға болады. Байланыс нөмері 87751752103
Гулим 20 ақпан 2021, 14:22
Салеметсиздерме? Мен шаштараз курсын окыгым келеди. Казирги танда онлайн окуга болама? Тагы Бир Сурак 9 сынып аттестат Пен тарбиешилик окуга болама
Колледж бизнеса и сервиса
Сәлеметсіз бе, Гулим! 9 сынып оқушысы болсаңыз талапкерлерге арналған курсқа жазылуға болады! Өтінішті колледж сайтының «Талапкер» бөлімінде қалдыра аласыз.
Толық ақпаратты колледждің кәсіби бағдар беруші маманынан алуға болады. Байланыс нөмері 87751752103
Айпара 07 ақпан 2021, 20:47
Мен киім тігіп үйренгім келеді бірақ мен 1-топ мүгедекпін оқуға түсе алам ба
Колледж бизнеса и сервиса
Сәлеметсіз бе! Оқуға мүмкүмкіндік бар. Бірақ, сіздің денсаулығыңызға қарай мүмкіндіктеріңізді жекелей қарастыруымыз керек. Бұл сұрақты толық қарастыруымыз үшін, +7(7222) 50-70-78 телефонына хабарласыңыз. Сіздің сұрағыңызды шешуге тырысамыз.
Анель 29 маусым 2020, 07:20
Сәлеметсіз бе! 9 сынынтан кейін менеджер мамандығына грант бар ма? Оған түсу үшін қанша балл керек?
Колледж Бизнеса и сервиса
Сәлеметсізбе! Иә, 9 сыныптан кейін менеджмент мамандығы бар. Толық ақпаратты 87751752103 нөмірінен ала аласыз.
Сабина 12 маусым 2020, 13:25
Салеметсизбе, 9 сыныптан кейін Поворга грант барма, және де акылыма әлде акысызба?
Колледж Бизнеса и сервиса
Сәлеметсізбе. Ия,бізде тоғызыншы сыныптан кейін "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығында, Аспаз біліктілігіне грант бар. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 87751752103
Роллан 20 мамыр 2020, 20:00
Сәлеметсізбе 11сыныптан кейін аспаздық курсына сырттай оқу барма Алматы қаласында
Колледж Бизнеса и сервиса
Сәлеметсіз бе Роллан! Аспаз мамандығына сырттай оқу бөлімі қарастырылмаған.Осы салада жұмыс жасап жүрген болсаңыз, қысқа мерзімді курс өте аласыз! Толық ақпарат 87751752103 телефон нөмірінен ала аласыз!
Айым 17 мамыр 2020, 15:24
Сəлеметсіз бе.
Мен 11сынып оқушысымын. Сіздердің колледждеріңізде визажист мамандығы барма?
Жəне қанша жыл оқиды?
Платный болама əлде грант?
Түсіндіріп жіберіңізші
Колледж Бизнеса и сервиса
Сәлеметсіз бе Айым. "Шаштараз өнері және сәнді косметика" мамандығына құжат тапсыра аласыз. "Шаштараз мастері" біліктілігі бағдарламасында визажистке оқытылады! Толық ақпарат 87751752103 телефон нөмірінен ала аласыз!
назерке 06 сәуір 2020, 11:16
шаштараз мамандығына 11сыныптантан кейін қандай пән таңдау керек
Колледж Бизнеса и сервиса
Сәлеметсіз бе! "Шаштараз өнері және сәнді косметика" мамандығына 11 сынып негізінде 25 сұрақтан қазақ тілі немесе орыс тілі таңдау бойынша, химия, Қазақстан тарихы пәндерінен 75 сұрақ тест ретінде болады! Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 87751752103.
Жансая 23 наурыз 2020, 14:05
Салеметсизбе мен 9 сыныптан кейын визажистке тускыми келеды оган грант боладыма? Жане кандай паннен тест тапсырады ?
Колледж Бизнеса и сервиса
Сәлеметсіз бе! 9 сынып аясында "Шаштараз өнері және сәнді косметика" мамандығына әр оқу жылы бюджеттік негізде орындар беріледі, емтихан келесі пәндер бойынша: оқыту тілі яғни қазақ тілі немесе орыс тілі таңдау бойынша 25 сұрақ және химия пәнінен 25 сұрақтан 50 тест тапсырмалары болады! Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 87751752103
Елдана 27 ақпан 2020, 12:22
Салеметсіз бе шаштараз болу үшін қандай пән таңдау керек. КОЛЛЕДЖ ГЕ ТҮСУГЕ БОЛаМА
Колледж Бизнеса и сервиса
Сәлеметсіз бе, Елдана! "Шаштараз өнері және сәнді косметика" мамандығына оқуға қабылдану үшін емтихан түрі сұхбаттасу негізінде өткізіледі. Әрине, маусым айының 20 мен тамыз айының 25 аралығында құжат тапсыруға болады! Толық ақпаратты 87751752103 телефон нөмірінен ала аласыз.
Eldana 27 ақпан 2020, 12:19
Сәлеметсіз бе дизайнер болу үшін қандай пән таңдау керек
Колледж Бизнеса и сервиса
Сәлеметсіз бе, Елдана! Дизайн мамандығына оқуға қабылдану үшін шығармашылық емтихан тапсырасыз. Толық ақпараттарды 87751752103 телефон нөмірінен ала аласыз.
Гүлден 02 ақпан 2020, 20:24
Шаштараз өнері және сәндік косметика. Осыған түсу үшін қандай сабактардан экзамен тапсыру керек? Және грант бар ма?
Колледж Бизнеса и сервиса
Сәлеметсіз бе,Гүлден! "Шаштараз өнері және сәнді косметика" мамандығына оқуға қабылдану үшін емтихан түрі сұхбаттасу негізінде өткізіледі. Маусым айының 20 мен тамыз айының 25 аралығында құжат тапсыруға болады! Толық ақпаратты 87751752103 телефон нөмірінен ала аласыз.
Назерке 29 қараша 2019, 14:15
9сыныптан кейін шаштараз өнері және сәндік косметика мамандығына түсу үшін қандай пән таңдау керек және грант шәкіртақы жатақана болама
Бизнес және сервис колледжі
Сәлеметсіз бе Назерке. Біздің колледжді таңдағаңызға қуаныштымыз. Шаштараз мамандығына химия пәнінен эмтихан тапсырады. Толығырақ осы сайттың "Талапкерге" деген бөлімінен Оқуға түсу ережелерін қарауға болады.
Сағыныш 23 маусым 2019, 19:27
9 сыныптан кейін Дизайн мамандығына грант барма?
Бизнес және сервис колледжі
Сәлеметсіз бе Сағыныш! "Дизайн" мамандығына осы оқу жылына мемлекеттік тапсырыс (грант) бөлінген жоқ. Мамандықтар туралы мәліметті "Талапкерге" бөлімінен қарай аласыз.
Перизат 21 маусым 2019, 08:57
Сәлеметсіз ба? Сіздерге оқуға түссем 9-сыныптан кейін неше жыл оқимын? Стипендия көлемі қанша? Рақмет.
Бизнес және сервис колледжі
Салеметсізбе Перизат! 9 класстан кейін мемлекеттік тапсырыс бойынша (грант) және ақылы түрде оқыту мамандықтары бойынша және оқу мерзімдері туралы ақпаратты осы сайтта "Талапкерге" деген бөлімінен алуға болады.
Анель 07 маусым 2019, 10:40
Сәлеметсіз бе, сұрайын дегенім колледж государственный ма әлде частный ма? Визажист оқуы неше жыл? Оған түсу үшін қандай экзамен тапсырылады? Оқуға грант бөліне ме, стипендия беріле ме сол туралы ақпарат беріңізші.
Бизнес және сервис колледжі
Сәлеметсіз бе, Анель! Бизнес және сервис колледжі Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып келеді. «Визажист» мамандығын «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бағдарламасында оқыту қарастырылған. Осы мамандық бойынша 9 сыныптан кейін 2 жыл 10 ай, ал 11 сынып негізінде -1 жыл 10 ай оқиды. 2019 жылына Мемлекеттік тапсырыс (грант) 9 сыныптан кейін «Суретші-модельер» біліктілігіне беріліп отыр. Мемлекеттік тапсырыс негізінде үлгерімі жақсы оқушыларға шәкіртақы (стипендия) төленеді.
Шарайна 01 маусым 2019, 20:35
Шаштараз өнері және косметика ісі. Осы мамандыққа 10 сыныптан кейін түсуге болама. Грант барма
Бизнес және сервис колледжі
Сәлеметсіз бе, Шарайна! «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы «Суретші-модельер» біліктілігіне 9 сынып негізінде 2019 жылына мемлекеттік тапсырыс (грант) берілген.
Орынгул 25 мамыр 2019, 11:32
Сәлеметсіз бе? Бизнес сервис колледжінде 11 сыныптан соң аспаздық мамандығына грант барма және жатақхана шәкіртақы ?
Бизнес және сервис колледжі
Сәлеметсіз бе Орынгул! Колледжде 11 сыныптан кейін «Аспаз» мамандығына ақылы негізінде оқуға түсуге болады.
11 сыныптан кейін мына мамандықтарға 2019 жылына мемлекеттік тапсырыс берілді: Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру- Әкімшілік біліктілігіне, Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (қолдану аясы және салалары бойынша) – Іс қағазын жүргізуші біліктілігіне, Маркетинг- Коммерциялық агент біліктілігіне.
Осы мамандықтар бойынша шәкіртақы төленеді. Жатақханаға орналастыру басқа оқу орындарымен келісім шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Құжат тапсыру және емтихан тапсыру мезгілдерін осы сайтта 2019 жылына арналған Жаңа Оқуға қабылдау ережесінен біле аласыз.
Janel 03 сәуір 2019, 18:31
Бұл коледжде дизайнер мамандығының қандай салалары бар? және дизайнер мамандығына түсу үшін қандай пән таңдау керек?
Бизнес және сервис колледжі
0402000 «Дизайн (бейін бойынша)» Жарнама дизайнері - мамандығы бойынша 11 сыныптан кейін түсушілер алдыңғы 2018 жылда Емтихан - Қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен және 1-қосымшаға сәйкес пәндер бойынша 2 шығармашылық емтихан қарастырылған (сурет салу). Алынған бағалар "3", "4", "5", қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдарға қабылдау комиссиясы келесі шкала бойынша ауыстырады: "3" - 8 балл, "4" - 17 балл, "5" - 25 балл.
2019 жылға Қабылдау ережелері осы сайтқа жарияланады.
Жанел 03 сәуір 2019, 18:21
Дизайнер мамандығын таңдау үшін қандай пән таңдау керек. Және бұл коледжде дизайнер мамандығының қандай салалары бар?
Бизнес және сервис колледжі
Сәлеметсіз бе Жанел! Дизайн мамандығы барлық салаларда жұмыс істеуді қарастырады. Осы сайтта мамандық туралы мәліметті қарауға болады. Дизайн мамандығына түсу үшін 9 класстан кейін- қазақ (немесе орыс тілінен) емтихан және 2 шығармашылық емтихан (сурет салу және кескіндеме). 11 класстан кейін қазақ (немесе орыс тілінен), Қазақстан тарихынан емтихан және 2 шығармашылық емтихан (сурет салу және кескіндеме).
Осы жылға арналған оқуға қабылдау жаңа ережелері осы сайтта орналастырылады.
Aidós 08 қараша 2018, 08:33
Туризм тусу ушин кандай пан тандау керек
Бизнес және сервис колледжі
Сәлеметсіз бе Айдос! «Туризм» мамандығына түсу үшін 9 сыныптан кейін қазақ тілі мен География пәнінен емтихан тапсырылады. Ал 11 сыныптан кейін Қазақ тілі, Қазақстан тарихы және География пәндерінен емтихан немесе ҰБТ нәтижелері қарастырылады. Жаңа оқу жылына өзгерістер болатын болса, сайт арқылы мәлімделеді. Толығырақ «ТАЛАПКЕРГЕ» деген сайттын бөлімін қараңыз.
Хабар жазу үшін