Контактные телефоны:
8 708 619 64 59Бизнес және сервис жоғары колледжі - Шығыс Қазақстан облысының тарихы бай, даңқты дәстүрлері мен жетістіктері бар көне оқу орындарының бірі.
«Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы №158 қаулысымен Қазақстанның білім беру нарығында 70 жыл бойы табысты қызмет еткен бай тарихы, дәстүрлері мен жетістіктері бар Шығыс Қазақстанның екі көне оқу орындарын біріктіру арқылы ұйымдастырылған: Бизнес колледж (құрылған жылы-1946ж.) және Сервис колледжі (құрылған жылы-1945ж.).
«Бизнес және сервис жоғары колледжі» тарихынан
«Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК Семей қаласындағы Республикалық Совет сауда техникумының мұрагері болып табылады және КСРО сауда министрлігінің 1946 жылғы 2 тамыздағы № 300 бұйрығымен құрылған.
Алғаш оқушылар саны 90 адамнан тұртын техникумның құрамында үш бөлім ашылды – "Бухгалтерлік есеп"; "Тамақ тауарларын тауартану"; "Өнеркәсіптік тауарларды тауартану".
Бітірушілердің арасында Сундетбаев Самат Сламбекұлы - белгілі кеңес дипломаты, 1967 жылы Иемень Араб Республикасында қызмет міндетін атқару кезінде қайғылы қаза тапқан, қайтыс болғаннан кейін "Құрмет Белгісі"орденімен марапатталған.
1978 жылы техникум Аймауытов көшесі, 143 "А" жаңа ғимаратқа, 960 орындық оқу корпусына көшті. Қазіргі уақыттағы колледж ғимараты.
13.04.1992 ж. № 179 бұйрығымен Кеңес сауда техникумы «Семей коммерциялық техникумы» болып өзгертілді.
11.12.1995 ж. № 312 бұйрығымен «Семей коммерциялық техникумы» Шығыс Қазақстан облысы білім департаментінің «Семей бизнес-колледжі» болып өзгертілді.
2008 жылғы 7 желтоқсандағы № 113 Бұйрығымен 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысы білім департаментінің «Семей бизнес колледжі» Шығыс «Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бизнес колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. Колледжде мамандарды дайындау келесі мамандықтар бойынша жүргізілді: «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Азық-түлік тауарларының тауартануы», «Өнеркәсіптік тауарлардың тауартануы», «Коммерция», «Маркетинг», «Менеджмент», «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және ұйымдастыру», «Қаржы», «Дизайн», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Әлеуметтік жұмыс».
2015 жылы колледж ТМД елдері арасында «Сауда-өнеркәсіптік рейтинг» ЖШС берген ұлттық сертификат пен «Сала көшбасшысы 2015» атағының иегері болды.
«Сервис колледжі» тарихынан
«Сервис колледжі» КМҚК 1945 жылы құрылған Семей жеңіл өнеркәсіп техникумының мұрагері болып келеді. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі алқасының шешімі негізінде «Сервис колледжі» болып өзгертілді.
«Бейнелеу өнері және сызу», «Технология», «Іс жүргізу және мұрағаттану», «Стандарттау, метрология және сертификаттау», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Аң терісі мен қой терісі бұйымдары өндірісінің технологиясы», «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандықтары бойынша жеңіл өнеркәсіп және сервис саласы үшін көптеген жылдар бойы мамандар даярлады.
Қазіргі уақытта ШҚО ББ «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК - білім алушылар, педагогтар, жұмыс берушілер және басқа да мүдделі тараптардың мүддесінде жұмыс істейтін өзекті білім беру жүйесі, ашық ақпараттық ортасы және қазіргі заманғы инфрақұрылымы бар білім беру мекемесі.
Колледждің қызметі ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы" Заңымен, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелері» (07.04.2017 ж. № 171 өзгерістермен), ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен (15.08.2017 ж. № 484 өзгерістермен) реттеледі.
2016 жылдан бастап колледжде материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, оның ішінде ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді, «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандықтары бойынша шеберханалар мен зертханалар толығымен қайта жаңартылды, колледж аумағы абаттандырылды. Колледжде акт және спорт залдарында, асханада күрделі жөндеу жүргізілді. Оқу қонақ үй кешені ашылды, оқу кафесі мен оқу шаштаразы жұмысын бастады. Тәжірибелік сабақтар мен оқу тәжірибесі кезінде студенттердің тәжірибелік дағдыларын пысықтау үшін барлық жағдайлар жасалған. Осы мақсатта оқу шеберханалары заманауи жабдықтармен, құрал-жабдықтармен жабдықталды.
Колледж Білім беру қызметін 18.10.2016 ж. № KZ31LAA00007888 мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады және он бес білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.
2018-2019 оқу жылының басында білім алушылар контингенті 631 студентті құрайды. Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі. Оқыту күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша жүргізіледі.
2018 жылдың нәтижесі бойынша Бизнес және сервис жоғары колледжі білім беру қызметінде, яғни ТжКББ (техникалық және кәсіптік білім беру) мамандарын даярлау саласында ең үздіктердің қатарына кірді. Бізге ұлттық сертификатпен және «Жыл көшбасшысы-2018» медалімен расталған «Жыл көшбасшысы 2018» мәртебесі берілді.
2019 жылы мамыр айында Мемлекетаралық сараптамалық кеңес Президиумының ұсынысы бойынша Бизнес және сервис жоғары колледжі «Үздік білім беру мекемелері» номинациясы бойынша І дәрежелі Дипломмен марапатталды және үздік оқу орындарының қатарына енгізілді.
Колледж қызметі туралы ақпарат «Білім берудегі үздік» атты Үлкен халықаралық энциклопедияда жарық көрді.
Колледж директоры Хожанова Альмира Балтабековна «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» Төсбелгісімен марапатталды.
Абай облысы ББ «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Бизнес және сервис жоғары колледжі - Шығыс Қазақстан облысының тарихы бай, даңқты дәстүрлері мен жетістіктері бар көне оқу орындарының бірі.

Экономика саласында мемлекет пен аймақтың өндірістік әлеуетін көтере алатын, бәсекеге қаблетті, жоғары дәрежелі теориялық және практикалық дағды мен жеке тұлғалық қасиетті игерген мамандарды дайындау.
Бизнес және сервис жоғары колледжі - Абай облысы және Қазақстан республикасының сервис, экономика және басқару саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің үздігі, корпоративті менеджменттің тиімді жүйесін меңгерген оқытушылар мен білімгерлердің, жұмыс берушілердің тағы басқа қызығушылық танытқан жақтардың мүддесіне сай қызмет ететін инновациялық білім беру мекемесі.
Абай облысы ББ «Бизнес және
сервис жоғары колледжі» КМҚК